Үміт құшағында

Сейіліп сергелденген сағымдардан,
Сені іздеп сол бақшаға тағы барғам.
Үзіліп ұлпа қарға тамды жасым,
Сен жоқсың дәл өзімдей сағына алған.

Мен қалдым ақ сезімнің арбауында,
Күлкі боп жырларыммен тар қауымға.
Сен келіп демеп жібер, қалқатайым,
Сәл қалды қанат бітіп самғауыма.

Құлаған биік шыңнан киіктейін,
Айтамын өкпе назды жиып кейін.
Бағынбай байбаламға салдыңау бір,
Өзге емес бір өзіңмен биіктейін.

Келердеп бір хабарын елеңдеймін,
Сен жаққан сол сезімге сенем мейлің.
Құлазыған қу тірлік қусадағы,
Бір құлап, қайта тұріп көнем деймін.

6 пікір

qyrmyzy
Жақсы жазыпсың)
semser_soz
Мен қалдым ақ сезімнің арбауында,
Күлкі боп жырларыммен тар қауымға.
Дәл тауып жазыпсың. Басына түспесе кімді-кім ұғушы еді!?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.