Қазағым

Туын жерге түсірмеген қазағым,
Болашаққа үлкен қадам тастадың.
Артта қалсын көрген мұң мен азабың,
Шоғы биік, арманы асқақ қазағым.

Бабалардың қаны сіңген қара жер.
Әліде талай қазақ жұртын тербетер.
Ерлікпенен туған жерін қорғайтын,
Жан даламда туар әлі талай ер.

Бүгінде көп елін ойлар жастарың,
Әйтеуір біріксе екен бастарың,
Шықса екен ел бастайтын ер жігіт,
Орындайтын елінің асқақ арманын.

9 пікір

yesbolat83
Тамаша. Өттте керрремет!
Karlen
Өлеңді бағалағаныңа Рахмет!
korwinin_kyzy
Бір скандальный мәлімдеме жасап жіберейін
Мен ұлтқа бөлінбеймін, мен мұсылман және мұсылман емес деп 2-ге бөлінем болды
НЕ столь скандальный малімдеме емес бірақ сендерге скандальный болуы мумкин
Karlen
Сен мұсылман және мұсыоман емес болыпта бөлінбей-ақ қойшейші. Не қыласын оны Барімізде Бір Құдайдың құлымыз ғой!
korwinin_kyzy
бауырым ойланып сөйлесей не айтып отырсыз)::::??????
«инна әкромакум ғиндаАЛЛАхи әтқокум»
Jako
Тілін калимаға келтіріп, жүрегімен Аллаға сенгендердің бәрі мұсылман. Ал енді бәрін біліп ел-елдің арасына жік салып, бауырмен-бауырды шабыстырып жатқандардың бәрі мұсылман деп айта алмас едім. Менде өз ұлтымды,ҚАЗАҒЫМды сүйемін, егер бір имансыз е мұсылмандақты, е Қазақты таңда десе қиналсамда, тозақтан қорықсам да өз ұлтым,ҚАЗАҚ болып өлуді таңдар едім.
korwinin_kyzy
Демек сіз тозаққа толық иман келтірмегеніз байқалады!!! о дүниеде қазақ араб деген болмайды
АЛ ЕНДІ МЫНА БІР АЯТТАРДЫ ОҚЫП КӨРЕЛІК
Ал енді қатты дауыс келген сәтте; (33)
Сол күні, кісі туысынан қашады; (34)
Шешесінен, әкесінен. (35)
Әйелінен және балаларынан. (36)
Ол күні әркімнің ісі ауыр. (Әркім өз халімен әлек.) (37)

Осы аяттар адамның жүрегіне қорқыныш ұялатады СОЛ күнде (((((((( сол кезде яғни қияметте ҚАЗАҚ АРАБ ТАТАР БАШҚҰР деген болмайды тағы бір аят есіме түсіп отыр
«инна әкромакум ғиндаАЛЛАхи әтқокум»
«Аллахтын алдында ең құрметтілері ең тақуалылары»

F0x_kz
Егер адамзат, ұлтқа, біріксе қазір сіз, жабайы далада намаз оқып отырар едіңіз. Ұлттар бір-бірімен бәсекелеске түскен кезде ғылым дамиды. Исламға қатты берілмегенмін, бірақ Мұхаммед пайғамбар кезінде де ұлтқа бөлінушілік болған деп ойлаймын.
korwinin_kyzy
Мен ұлтқа бөлінбендер демедім жан., мен тек просты Қазақ анандай Грузин мынандай деп мақтанғандарға жынып келет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.