Шығыс әдебиеті жауһарлары: Физули

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Шығыс әдебиеті жауһарлары: ФизулиФизули! Физули кім? Физули — шың! Шығыс әдебиетінің шыңы. Шын есімі Мухаммед ибн Сулейман болған бұл тұлғаның әдебиеттегі нигі (тахаллус) Физули болған. Ұлы һәкім Абай тіліне тиек етіп кеткен бұл шайыр шығармашылығың шынары — әрине, қаншама ғасырдан бері шын махаббаттың белгісіне айналған «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны. Физулидің шығармалары әзербайжан, парсы, араб тілдерінде жарық көрген. Аталмыш автордың өлеңдерін оқи отырып оның өзі алып отырған объектілеріне қаншалықты терең әрі салихалы түрде ой жүгірткенінің куәсі боласыз. Төмендегі 3 шумақты аударуыма 1 сағаттай уақыт кетті. Аз болса да көптей көріп, бүкіл түркі әлемінің әдебиетінің қалыптасуына үлесін қосқан саңлақтың бір тамшы жауһарынан оқи отырыңыздар, құрметті оқырман!
.
.

Ойдың нақшы, сөз маржаным көпті нұрға бөлейін,
Сапарымда ғұмыр-дария жырларымды төгейін.
Ей, Физули, ғайып болып кетсем-дағы алыста,
Ақыл, сабыр, дін менен діл серігім боп өлейін.

****
Ғашықтықтың азабында қалдым тағы байлауда,
Жетер ме екен, ерік күшім бұл зынданды бойлауға.
Тілім сөзден, тәнім болса әрекеттен кесілді,
Ақыл ғана қалды міне, жамалыңды ойлауға.

Әлім де жоқ, бар мұңымды кімге айтамын? Білмедім.
Сырқатымның емі жоқтай, өте ауыр күйдемін.
— Сүйемін, — деп сен жауһарды жанталасар жан ділім,
Гүлдей әсем дидарыңды көрсет маған, сүйгенім.

1 пікір

Korkem
Ей, Физули, ғайып болып кетсем-дағы алыста,
Ақыл, сабыр, дін менен діл серігім боп өлейін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.