Телефоным әдейі міз бақпады...

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Телефоным әдейі міз бақпады...Телефоным тым үнсіз, құлақ түрем,
Санамда жүр шапқылап сұрақ кілең.
Титтей затқа соншама телміртердей
Шын әккі ме ең?
Халіңді айтшы кімдерден сұрап білем?!

Жараспады үн-түнсіз жоғалғаның,
Алдан тосар деуші едім зор арманың.
Білем, білем айырып тоғыстырар
Жол алда мың
Бір күні іздеп маған да қонар бағым.

Телефоным әдейі міз бақпады,
Қайран жүрек барады мұздап тағы.
Көбейеді күтумен көңілде ессіз
Жүз даққа әлі
Сонда да арым сен салған ізді ақтады.

Жалғандықты сезім-ай кеш ұқтырған,
Байғұс басым мұң отын кешіп тынған.
… Жо-жоқ тоқта, телефон қуат бітіп
Өшіп тұрған.
Тарс-тарс…
Жалт қарадым, сенбісің есікті ұрған?!

Өлеңді жазған: Мөлдір Дарханбаева
2013-05-13

Дереккөз: Мәссаған com.

6 пікір

yesbolat83
Жақсы жазылған өлең екен. Сүйген жаныңды сондай үмітпен күту деген қиын нәрсе. Оралмасын білсең де үміт шіркін ақылға бағынбай маздайды-ау.
nurbanu_KAMAL
Шынында әдемі өлең екен.
Kan
заманға сай өлең дер едім.
gafur-92-92
Сезім сыры
Міне келді осы кештің жарығы,
Сол бІр сатті күттім міне тарығып.
Келсеңші сен сағындырмай өзіңді,
Тауысқандай жүректегі төзімді.
Сезесіңбе жүректегі жырымды,
Сезесіңбе көңілдегі мұңымды.
Беріліппін соншалықты сезімге,
Кезікпестей сендей ару көзіме.
Ғашық қылдың ғашық қылдың өзіңе,
Байқалмайды-ау осы сезімім өзіңе.
Әттең шіркін сөйлемейді-ау жүрегім,
Әркез сені ойлауменен жүремін.
Көз алдымда қанша ару жүрседе,
Жетпейдіғой-жетпейдіғой өзіңе.
Сүйем десем сенбейсіңғой сөзіме,
Жүрегім менің бағынбайды өзіме.
Осы өлеңді арнаймын мен өзіңе,
Тәмәмдалды осыменен сөзімде. өзімнің шыгарган өлеңім көңілдеріңізден шығат деген ойдамын
Jako
gafur-92-92, жеке пост қылып жазғаныңда қатып кетер еді, ал өлең ұнады.
maulen
маған ұнады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.