Өлең, келші маған!

Өлең,
келші маған!
Мұңымды алшы,
Жанымды жаншылаған.
Жаз жарамды іштегі,
Қызыл қан тамшылаған!

Мен – жалғызбын,
Серігім – өзің ғана!
Бүгін мені іркеді төзім ғана!
Сыртын беред дүниең қабақ шытып,
Мұнда менің нем қалды?
Өзің қара!

Не қалды мұнда, жаным,
Жоғалттым қолда барым.
Сезім, сенім… бәрін де, баршасын да!
Қалды ма екен білмеймін жандағы арым…

Білмеймін.
Ұқпаймын, ұға алмаймын,
Ар қалды ма?
Жауабын біле алмаймын,
Білсем-дағы сенбеймін, жоқ сеніммен
Өзімді жиі алдаймын.

Осы әлемде жоғалттым сенімімді,
Кереметтей, о не бір сезімімді:
Шын сенуді, сүюді, шаттануды,
О бастағы түк ойсыз көз ілуді…

...Өлең!
Сенсіз бәрінен де безінгем,
Бәрі бір сәт кері кеткендей сезілген!
Ұқтым енді, сырт бере алмас Дүние,
Жәй ғана ол бей-жайлықпен көз ілген…

(21.05.2013 жыл. Сағ.: 22.30)
Нұрбану Камалова

6 пікір

Kan
Нұрбану сен өлеңді тамаша жазасың.
«Мұнда менің нем қалды?
Өзің қара!» деген сөзің жүрекке ауыр тиеді екен.
nurbanu_KAMAL
Пікіріңізге рахмет!
yesbolat83
Жақсы жазылған. Оқып жылап қалдым.
nurbanu_KAMAL
)))) рахмет. жыламаныз
Соңғы өңделген уақыты:
maulen
сенімін жоғалту — өзін жоғалту емес пе?! Егер жырларға арқау етсеңіз жғалған өзіңізді де табуға көмектесер…
AraiArai
Терең мағынаға толы…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.