Сүй

Сүй, адамды сүй беріліп
Танау тартып жүре көрме керіліп
Мен, менменсініп менсінбесең өзгені
Жамандықтың жолы шығар өріліп

Адамды сүй ағайының, бауырың
Татулықтың орнат үлкен ауылын.
Бауырмалдық адамдықтың айнасы,
Сөндіре біл, араздықтың дауылын.

Жүрегі үлкен, жомарт жан бол жайдары.
Нұрланатын, құлпыратын жан-жағы.
Адамдарды бағалай біл құрметтеп,
Бұл өмірдің мәнісіғой содағы.

Адалдықтың көтер ауыр жүгін де.
Кір түспесін аппақ таза көңілге.
Адамзаттың бәрін сүю парызың,
Адам болып келгенненсоң өмірге.

3 пікір

yesbolat83
Керрремет жазылған шығарма. Өттте ұнады. Мына жеріне түсінбей отырғаным:
Мен, менсініп менсінбесең өзгені
Жамандықтың жолы шығар өріліп
Мүмкін «менменсініп менсінбесең өзгені» дегің келген болар, қате түсінбесем.

Ал, мына жолдары ұнады:
Адамды сүй ағайының, бауырың
Татулықтың орнат үлкен ауылын.
Бауырмалдық адамдықтың айнасы,
Сөндіре біл, араздықтың дауылын.
Kan
сіздікі дұрыс менікі қате болған екен. «менменсініп» дұрыс жаздыңыз. мен қателесіп жаздым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.