Күлкі

Күлкі

Бір жымисаң, езуіңе қамалдым,
Жүрегіме өлең болып таралдың.
Сен… сен күлуге
Ал мен сені күлдіртуге жаралдым.

Сыр ақтарып жырларым да тараңдын,
Көздеріңнің кірпігі боп қадалдым.
Сен, сөйтсем сүйдіртуге…
Ал мен сүйсінуге жаралдым…

Есім кетіп ессіздікке, бармадым,
Мың гүлдердің арасынан алдандым.
Он алты мың гүлді қайтейін,
Мен саған он сегізмың арнадым.

P.S сіздің бір күлгеніңіз жоқ бір жымиғаныңыз маған бір өлең жаздырад. Жиі күліп жүріңіз…

4 пікір

yesbolat83
Сен қатты-қатты ғашықсың-аау, бауырым.
Өлеңің жақсы жазылған.
Kan
Өлең жақсы сөз жоқ. Ұйқасыда ерекше. Тек өлеңнің аты неге «күлкі» дұрыс қойылмаған менімше.
yesbolat83
Өлеңнің атына — «Сүйіктіме», «Сен күлкің», «Сезім» деген ұсыныстар айтар ем.
Arai-Arai
Қай қыз сені күлкісімен баураған?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.