Сүй! Сүйе түс! (Өзгертілген)

Тағдыр айдап қос жүрегім жүздесіп,
Қарашығым сүйе қарап тілдесіп.
Шын іздесек Алла ымдап білдірер,
Қанат қақсақ сезімдерге мінгесіп…

Сәулеленіп түнгі судай моншақ көз,
Жүрек жібіп айтылғанда жұмсақ сөз.
Жымың қағып сырласқанды жұлдыздай,
Бір жайлауда күлімдесіп тұрсақ біз.

Баршаға бір жаратыпты тіректі,
Ақ гүлгеде тамыр тірер керекті.
Сүйгендерге Алла берер сыйы бар,
Аққуларым бекер адал келмепті!

Сәулеленіп түнгі судай моншақ көз,
Жүрек жібіп айтылғанда жұмсақ сөз.
Ойнақ қаққан немерені ұстасып,
Жас келгенде күлімдесіп тұрсақ біз.

Сүй! Сүйе біл елжірете жүректі,
Сүйе өткіз өмір атты жүрдекті.
Сүй! Сүйе түс! «Өзің үшін Алла» деп,
Көлеңкеде түсер жалғыз жүрмепті!

Сәулеленіп түнгі судай моншақ көз,
Жүрек жібіп айтылғанда жұмсақ сөз.
Суын ішіп бұлағынан Кәусәрдің,
Ұжымақта күлімдесіп тұрсақ біз.
ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

satirik92
Осы өлең әнге келеді деседі қалай ойлайсыздар?
Kan
келтірсе әнге келетін шығар ноталарын таба білсе
beko
yesbolat83: Маған ұнады. Өзің өлеңді де жақсы жазады екенсің. Жарадың.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.