Мұңнан асқан

Қара басты биік көтер Алла бар,
Өлме, тіріл!!! Қан жұтарлық Ана бар.
Есігін тап, жолын ізде, жеңерсің,
Қайрау үшін сананы да жапа бар!

Кең иін, ақ діл жеңілуге құқық жоқ,
Қарсы жүгір! Дертің тынар тұқыр топ.
Қолды берді, көзді берді жарық тап,
Қараны да қара деме соқыр боп.

Қараға егіз ақ барды,
Жапаға егіз бақ барды.
Өкініші сол емес пе?
Талай пенде таппады.

Түңілме сен жасыл жайлау дала бар,
Ойнақ салған құлын тайдай бала бар.
Ол жетпесе кітап ашып оқы бір,
Жол көрсетер марқұм болған даналар,

Жүрек болат үгілердей сынық жоқ,
Тыңда, тыңда қызыл етте тыным жоқ.
Ұял одан ол өлмесе сен өлме,
Таста мұңды! Мұңнан асқан шылым жоқ!!!
Арыстан ТӨРЕХАН
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.