Тіл құдіреті!

Ей, қазақтар, шұбарлама тіліңді,
Сонда ғана бола аласың білімді.
Боласың сен елге мазақ күлкілі,
Сатсаң егер туған ана тіліңді.

Даттанады, сөйледім деп қазақша,
Туған тілде сөйлеу деген мазақпа?
Мақтанады, сөйледім деп орысша,
Орыс тілін жатқа білу борышпа?

Сүтіменен ананың дарыған тіл,
Жанымның бары да тіл, ары да тіл.
Барлық тілде сөйлей бер, мейлі сен біл,
Өз тіліңді әрқашан дарыта біл.

Жырлайды елің, тілім сені ән қылып,
Жырлайды елің, барша әлемге таң қылып.
Тілейікші бір Аллаға жалынып,
Жасасын деп қазақ тілі мәңгілік!

3 пікір

yesbolat83
Соңғы уақыттары адамның патриоттық сезімдеріне оятатын туындылар көбейіп барады.
Жарайсвңдар! Алға!
maulen
Тілді біз емес, тіл бізді қорғаған ғой және солай болып қалмақ, әркім өзінің тілінің аллдындағы борышын білсе болғаны…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.