«Ауырма бөпем»

Нашарлап хәлім.
Қысылып қаным.
Ауырып бөпем,
Қиналды-ау жаным.

Шын қиын екен.
Ауырса бөпең.
Мазаң қашып,
Жан, қиналады екен.

Жыласа балам.
Қиналып қалам.
Көзіңнің жасын,
Кел сүртіп алам.

Кетсінші ауру.
Кішкентай ару.
Болсыншы әнім,
Еміңе дәру.

Нәп-нәзік үнің.
Сүп-сұлу күнім.
Тәп-тәтті өзі,
Інжулі гүлім.

Күлгенің әсем.
Жанымда жүрсең.
Қорқытып бізді,
Ауырма бөпем

2 пікір

yesbolat83
Әттең бұдан да көбірек плөстер едім, шамамның жеткені. Өлеңнің ұнағаны соншалықты, көздеріме жас та кеп қалды. Бұл әрбір ата-ананың дұғасы ғой Жаратушысына деген. Негізі, Құдай тағала әкесінің балаларына жасаған тілектерін қабыл етеді деген хадис оқығаным бар.
Jako
Мағанда ұнады, тамаша шыққан екен,+6 бердім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.