Керім сұлу

Сенің сұлу жанарыңа байланған
Дөңгеленген құпиялы бар ғалам.
Саған біткен сұлулыққа көз салып,
Еріксізден сезім құшып таң қалам.

Сұлулығың шеберлікпен жаралған.
Ай мен күннің сәулесінен нәр алған.
Өне бойың, балқытатын жанымды
Бар гүлдердің, жұпарынан құралған.

Сенің көзің мөлдіреген ерекше…
Көздеріңе қарауменен күн өтсе.
Қалайғана ғашық болып сүймейсің.
Сезімдерім жүрегіме гүл ексе.

Жанарыңда тұрғандай бір таң күліп.
Құлағымда назды үнің жаңғырып.
Саз үніндей, күн күлкіңді шіркін-ай…
Жазар ма еді таспаларға ән қылып.

Сұлулығың керім-айдай керемет.
Керім сұлу, өмірімді жарық ет
Сені сүйген жүрегімнің түбіне.
Тым болмаса, қолтаңбаңды жазып кет

1 пікір

Jako
Кан мырза, тамаша, келінге арналған ба бұл? Қарап отырмай бізді де ғашық еттің ғой, жағымды мағанада.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.