Ұқпайсың енді мені... (Досыма)

Ұғушы ем мен сені өзіңнен артық,
Жүргенде бір болып біз – екі жарты.
Ұғушы ең сен мені, көрдің бе бүгін,
Жанымның тылсым бір сырларын тартып?

Сырымыз – бір еді, санамыз да – бір,
Бір еді мұң, жара жанымыздағы.
Жүректің лүпілі үйлесім таппай,
Достықпен шырқалды әніміз-дағы.

Сен менің санам ең, ұқтың ба бүгін,
Мендегі ойлардың таптың ба түбін?
Ұқпайсың, білемін, бүгін біз – басқа!
Ұзадың жартыңды таптың да, күнім!

Ұқтың ба мендегі шаттық сезімді,
Ұқтың ба ақ тілек – тәтті сөзімді?!
Үзілді-ау іштегі бір тінім, бірақ,
Көрдің бе көздегі ашты теңізді.

Мұңымды, досым-ау, көрмессің енді,
«Қашан да біргеміз» демессің енді.
Ұзақ күн, ұзақ түн сыр айтқан кездер,
Алаңсыз гүл-күндер, елессің енді!

Көресің мұңын сен енді жарыңның,
Енді ол жарасын жазар жаныңның.
Мен саған тілеген күндер осы ғой,
Әрдайым жұлдызы жансын бағыңның!

4 пікір

muktybek
Нұрбану, шын дос аз болады, және де сол аз достардың да осылай өлең арнауға лайықты бірегейі болады. Жарайсың, шабытың шыңдала берсін!
followme_alik
«Бір қолдың саусағымен санайсың..» деңізші, қосыламын :))
maulen
Жүрегіңде тағатсыз тыншымайтын,
Тылсым күш бар күн сайын шымшылайтын.
Жабығып, жалыққанда жігер болар,
Өлеңсіз өрнектелген құрсын ай, күн.

Тамаша! Өзіңнің айтпағыңды, жанды жеріңнің жарасын басатын осындай өлеңдер оқысам бір жасап қалам!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.