"Кітап-сарқылмас рухани қазына"

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Осы байқау туралы хабар бір апта бұрын бізге де жеткен болатын. Студенті бар, оқушысы бар бас-аяғы 5 адам жиналдық. Дайындық басталды. Алғашқы күн құр сөздермен, ой бөлісулермен, бас жүлдені «ойша» бөлісіп алумен өтті. Екінші күннен шамалап алға жылжыдық. Таныстыру, топ белгісі, киім, т.б. көптеген заттар дайындала бастады. Орта жолда кейбір қатысушылар науқастанып қалды, кейбіреуі жол жүріп кетті, олардың орнына алған адамдарымыз дайындыққа келмей қалды, одан телефондары өшіп тұрды. Әйтеуір, бір жетінің ішінде көрмегеніміз қалмады. Бірақ, байқау болатын күні керек адамдардың барлығы ертемен жиналатын жерге келді. Ат үсті дайындығымызды қарап алып, жол жүріп кеттік. Жол бойында талай нәрсені талқылап, қобалжып, сөздерімізді қайталап аудан орталығына да жеттік.
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Байқау басталды. Қарсылас командалардың шамаларын байқап көрдік. Өз-өзімізге сендік. Таныстыруда да, үй тапсырмасына қойған «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы да, «Апамның астауы» да керемет шықты. Ал, қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінен қойылған сұрақтар тіптен оңай соқты. Ақыры соңында, еңбегіміз ақталып, бас жүлде (теледидар) бізге тиді. Қатты қуандық!
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Кітап-сарқылмас рухани қазына
Бұл байқаудың ұйымдастырылу мақсаты — ғаламтор кең тараған заманда жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру, кітап және кітапхананы насихаттау, кітапты жастарға ғаламтордан емес кітапханадан алып оқыту. Байқау өз мақсатына жетті, шамалы уақыт арасында қанша проза, поэзия оқылды. Талай шығармаға қойылым қойылды. Оқылған кітаптар насихатталды. Әр жердің кітапханасы туралы видео мен слайдтар тамашаладық. Қысқасы, рухани дамып қайттық. Осындай шаралар тек аудан көлемінде емес, облыс, республика көлемінде өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл байқауда көңіл түсіретін бір-ақ нәрсе: хабарландырулар ілінсе де, көрерменнің аз болуы.

8 пікір

MSHERIMBEK
Бәрекелді. Жазысыңыз жақсы екен. Қай аудан?
Botakz
рахмет! барынша тырыстым) мәртөк ауданы, дәл Ресеймен шекаралас.
ereke_enu
Жеңісің құтты болсын! Не нәрсе ұтып алғаның? Планшетка ма?
Botakz
рахмет! теледидар
ereke_enu
Қазіргі телевизорлар андай болып кеткен бе не?)) Анау комптың мониторы секілді ғой. Керемет. Телевизордың орнына планшетка немесе e-book бергенде дұрысырақ болар ма еді.
m170785
міне осындай жазбалар көп болса
AKA
Таныдым сені, мәләдес! Өткенде басқа жерден оқығанмын, ризамын. Аллаһ зейініңді ашсын. :)
Botakz
Мен де сізді таныдым:) әумин, көп рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.