Заңдылық

Мен үшін сағыну бір бақыт,
Өшіккен күндерді өшіріп.
Даусыңа көңілді ырғатып,
Күлкіме күлкіңді көшіріп.

Сағынсын жас алып дедің бе,
Үнсіздік ойнайсың ұрыссақ.
Жек көрем өзіңді дедім де,
Намысым ішімнен бүлік сап.

Сағыныш гүлі аңқып әтірім,
Жүректі күзетті жыл, ай сақ.
Сүймеймін дегенмін ақырын,
Жалған деп артынан жылай сап.

Сезімнің шартына көнігіп,
Сағыныш сыйлайды сары аудан.
Қалықтап ұша алмай жүр үміт,
Ақ қардай қанаты кір арман.

Сенбестік әуенін тыңдатып,
Түндерім ойнайды, таң күліп.
Сүйемін дегендер — мың бақыт,
Сағынам деушілер — мәңгілік.

Мен сені сағынам үзіліп,
Заңдылық…

Жарқыннұр Болысхан

10 пікір

MSHERIMBEK
Керемет өлең, Жарқыннұр :) Осы өлеңдердің мәнін енді ұғып жатқан сияқтымын :)
JarkynNUR
Мааассаган, сонда бурын дыыыыыым тусінбеуші ма едініз неее???? ((((
AKA
Уау, ұйқастары керемет!
JarkynNUR
рахмет АКА! )
maulen
Сәт сайын санамда сансырап,
Бір сезім билейді жаншып ап.
Сіздің жыр дал айтты сырымды,
Жүруші ед шығалмай сан сынап.

Керемет шығармашылығызға толағай табыс, осындай өлеңдеріңіздің саны арта берсін!
JarkynNUR
Туф, шіркін! Рахмет Маулен! Саған да жырдың биігіне шығуыңды тілеймін!
Xalik_kizi
Keremet onerin orlei bersin tek byikterden korine beruyne tilektespin
JarkynNUR
Рахмееетт!!! ))
VVVWWW
Бүгінше бірінші төрт жолын оқыдым:
Мен үшін сағыну бір бақыт,
Өшіккен күндерді өшіріп.
Даусыңа көңілді ырғатып,
Күлкіме күлкіңді көшіріп.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.