Мен...

Мың жігіттің арманы, бағы болсам да,
Сан қыздың сынар сағы болсаң да,
Импульстің күшін басқарып алып,
Төре жүректерге тағы қонсам да,
Мен – бәрібір сені таңдар ем.

Ханзадам емес, әнзадам болсаң да,
Бір кезігуді жазбаған болса да,
Қай ғасыр болса да өзіңді күтіп,
Қара түн шашың ағарып тынса да,
Мен – бәрібір сені таңдар ем.

Мені шеттетер бар ел болса да,
Сарайыңда мың гарем болса да,
Тойды қусаң да, ойын қусаң да,
Мейлі, мейлі,
Мен – бәрібір сені таңдар ем.

Қоңырқай жүзге сән бітпесе де,
Бар қылар ісің мұң жүктесе де,
Сөзің жүрмеуден, жолың болмаудан,
Әлемде саған жан жетпесе де,
Мен – бәрібір сені таңдар ем.

Пері қыз емеспін жаныңа нәр, ем,
Біреуге жылу, біреуге қар ем.
Ғаламды билер ару болсам да,
Мен – бәрібір сені таңдар ем.

Ал қазір ой да, мұңдағы бір сын,
Күлкісіз, жассыз беймаза күрсін.
Біргеміз деген бір күн сезімнің,
Соңы болар ма, кім білсін…

Жарқыннұр Болысхан

3 пікір

yesbolat83
Мені шеттетер бар ел болса да,
Сарайыңда мың гарем болса да,
Тойды қусаң да, ойын қусаң да,
Мейлі, мейлі,
Мен-бәрібір сені таңдар ем.
Осы жолдары ұнады.)
maulen
Керемет))) айтарға сөзім жоқ…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.