Ұлы сезім

Күлімдеп қарсы алсын қанша күн,
Сен нұр деп ойлама тамса мұң.
Қол жетпес белеске ұмтылып,
Мен әбден зарығып, шаршадым.

Мендік жыр әлемін ап қалған,
Шалғаймын сол бір кез шақтардан.
Телефон бетінен жойсамда,
Келбетің санамда сақталған.

Күн сайын мазалап тыңшымай,
Баз кешкен бұл күнім құрсынай.
Күнге де, айға да теңесем,
Сен дағы төгілген жырсыңай.

Бұл жәйім өзіме кейде сын,
Айтпайын бұл күйдің о, несін?!
Өңімде көре алмай жүргенде,
Түсімде көремін бейнесін.

5 пікір

maulen
Пікір қалдыра отырсаңыздар.
Ais_97
Маулен жақсы өлең)
yesbolat83
Осы жолдары ерекше ұнады өзіме:
Телефон бетінен жойсамда,
Келбетің санамда сақталған.

Өңімде көре алмай жүргенде,
Түсімде көремін бейнесін.
Осының өзі бақыт емес пе?! Бір көруге зарығып жүрген жанға.
maulen
Айтпаңыз, Есболат аға))) Соңғы кездері түсімнен шықпайтын болды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.