Сезім нотасы

Сезім нотасы
Сезімнің ең биік нотасы –
Жүзіңде құбылған қара мең.
Ғажайып бір әсер береді
Толқимын. Толқиды бар әлем.

Қастерлі мұраттың жолында
Сазына илігем, көнемін.
Сен үшін тербелем ырғаққа,
Сен үшін жазылар өлеңім.

Ақ жарма таңдардың нұрына,
Ақжарқын жандардың жүзіне,
Қиянат қылмаймын. Түсемін
Талайы тағдырдың ізіне.

Пернеде жүгіріп саусақтар,
Дегбірді ұзаққа созады.
Жүгіріп өтеді елеспен
Көңілдің тарғылдау жолағы

Ойнайтын сегіз сан нотамен.
Дирижер кім екен білмедім.
Сазсырнай ұстатты қолыма
Амалдың жоғынан үрледім.

Оркестр ойнайды шарықтап,
Толқимын. Толқиды бар әлем.
Бұл күйдің ең биік нотасы –
Жүзіңде құбылған қара мең.

Дирижер таяғы нұсқайды…

10 пікір

yesbolat83
Дирижер кім екен білмедім.
Сазсырнай ұстатты қолыма
Амалдың жоғынан үрледім.
Тағдыр неге қатал?!
Jako
Бағашар, керемет, тамаша жазасың, бірақ көп болды ғой өзіңді көрмегелі.
Bagashar
Солай боп қалды енді
Korkem
тіпті, пікір жазудан да алшақтап апсыз
mairosh
Ұнады дегеннен басқа айтары жоқ. Керемете!
Manas
Оралуыңызбен…
Korkem
Бұрындары ашықтау жазушы едіз, әжептеуір жабылып қапсыз. Кім кінәлі екен, Ә?!
Bagashar
Қалай ашықтау?
Korkem
мына пікіріңзді енді көрдім, оны сіз жазған заман көруім үшін менің пікірімнің үстінде ғана тұрған «жауап беру» батырмасын басыңыз…
Bagashar
жауап беріңізе енді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.