Белгісіз...

Көңілдің көңілсіз әуені
Қалықтап барады мезгілсіз.
Жұбатпақ болған жанымды
Бейтаныс келбеттім, сіз кімсіз?

Мұң шалған жанарды бір аңдап,
Мүсіркеп, мені аяп жүрсің бе?
Сыңсытып ән салған тығылып,
Бақтағы сол ару сенсің бе?

Сенсің бе?
Сен жайлы сұрағам.
Көрікті, ибалы қыз деген.
Дауысым өзіңе жетпейді,
Мұратым, арманым сіңбеген.

Меңіңнен моншақтап жыр тамған,
Өрнектеп мен қалай үлгерем…
Мен қалай үлгерем, ойпырмай,
Өлеңнің не екенін білмеген…

Өмірдің не екенін білмеген,
Білмеген жардың да не екенін.
Мен қашан түсініп үлгерем,
Мен қашан мұратқа жетемін.

Тілімде Тәңірдің дұғасы,
Түріңде иманы Тәңірдің.
Мен жайлы не дейді тағдырым?
Сен жайлы не дейді әмірлім?

Жүректер сөйлейді біз үшін,
Болашақ бір ғайып, белгісіз.
Мен жауап берермін сіз үшін…
Кім білсін…
Жазулар белгісіз.

Өлеңім сөйлейді мен үшін,
Дидар да бір ғайып, белгісіз.
Мен жауап берермін біз үшін…
Кім білсін…
Ғайыптар белгісіз.

7 пікір

Jako
Ооо, бізге поэзия келіпті ғой…
Korkem
Тағы да алдамшы емес деп үміттенемін-ау, шіркін десе!
Jako
Көркемтай, сенде бір сыр бар-ау…
Korkem
Ағасы-ау, қателесесіз, сыр менде емес Бағашарда болып тұр. Айтпайт қО((
Jako
Әйтеуір бір гәп бар-ау.
pari
тыныштық па? қыстырылғым кемид но мәжбүрмін
Bagashar
Мен не айтайын, жарқыным
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.