Аядым-ай...аядым

Аядым-ай, аядым…

Жол бойымен келе жатып кезіктім…
Бұл дүниенің көп жерлeрін кезіппін.
Деп отырған бір бай айтты біреуге,
Мен адамды қалауымша езіппін.
Деді-дағы байлығымен мақтанды,
Өткінші бір қиялымен шаттанды.
Бақыт-деген байлықтан тұрады деп,
Осы ұранды айтатынды жақтады.
Бай сөйледі:<<Менен мықты ешкім жоқ,
Болмаса да адалдығым, көңілім тоқ>>
Өкінішті мына жалған дүниеде,
Бұлай дейтін расыменде адам көп…
Тыңдап мұны ойланып тұңғиықтан,
Бұл өмірдің адамға сабағын-ай.
Адамдықты ту етіп жүре алмаған,
Пенделерді аядым, аядым-ай…
Дүниенің талай жерін көргенменен,
Көре алмаған өмірдің шын белесін.
Байлық қуып ұмытқан ғой расында…
Өтіп кетер бір-ақ күндік елесін…
Атқан таң да сабақ беріп адамға,
Жол көрсетер жаңа нұрлы қадамға.
Өткен күн де, келер күн де ойлантып,
Батқан күн де ой тастатар санаға.
Өтіп жатқан уақытқа есеп бермей
Ойланбайтын пенделер көп талай-ай,
Амал таппай мұндай іске шарасыз,
Іштей қатты аядым, аядым-ай

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!