КЕШІР...

Күлім көзім,
күліп жүрші әрдайым,
Сен бар кезде,
ұмытылар бар қайғым.
Қуанған сәт,
бақыттымнын өлшемі,
Ал мұнайсам,
сырласым тек ақ қайын.

Қарақаттай,
мөлдір көзге ғашық ем,
Қолым жетпес,
теңіз маржан асыл ең.
Сағыныштын…
моншақтарын тамызып,
Бір көруге,
Ынтызар боп асық ем.

Жылап келем,
жұбатар… кім жанымды?!
Ешкім сендей…
түсінбес — ау, халімді…
Қадірінді,
кеш түсіндім сүйіктім…
Қолымдағы,
ұшырып ап бағымды.
Кешір…

Авторы – Әселхан Торбаева

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!