МӨЛТЕК МҰҢ

Бұлынғыр бұл көктем,
Тәңімде талықсып.
Ернімді жел өпкен,
Ауамен жарысып.

Отырмын баққа кеп,
Ағаштар жалаңаш.
Бұл қызды мұңлы деп,
Мүсіркеп қарамаш.

Бұл өмір аяусыз,
Уын сан ұрттадым.
Арманым ғана сыз,
Күйімді ұқпадың.

Аспаның көз жасы,
Төбемнен құйды кеп.
Қас пен көз арасы,
Өтеді дөңгелеп.

Өзекте жарам сыз,
Өлең деп әмірің.
Жүрсем ед алаңсыз,
Ойламай тәңірім.

Әселхан Торбаеваның 4 — ші өлеңі

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.