БАҚЫТ

Бүгін міне… мен деген бақыттымын,
Өмір өзі сыйлап тұр жақұт гүлін.
Бұл әлемді қалайша сүймей өтем,
Үйіп-төгіп сыйласа ғашық мұңын.

Ғашықтықтан өртеніп кеттім күйіп,
Кеудем толы сағыныш. Кетті үйіліп.
Ғашықтар бар қосылып айрылысқан,
Ғашықтар бар қосылмай өткен сүйіп.

Арамызда сан көктем, күзім өткен,
Өзің едің «кет» деп ап зарын төкен.
Еңді есіңе түстім бе, сүйіктім-ау,
Бақытты кез оралмас енді көктен.

Тағдырдым — ең аямай күйретің де,
Қатыгез боп алыпын. Үйретін бе?
Өзім келіп өзіме қайрат беріп,
Қылғыздым дегенімді жүрдек күнге.

Әселхан Торбаеваның 5 — ші өлеңі

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.