ТҮН

Айналам… жым — жырт,
Кеудем де бір мұң.
Кісінейді ме, құлыңды жырым.
Ұмытармын — ау, сені де бір күн…
Түнгі ұйықымды ұрлаған ұрым.

Кезіп те жүрмін тас қаланы мың,
Аяусыз көктем ызғары сіңіп.
Керегі де жоқ басқалардың шын,
Жаңбыры өпті жырымды тұнып.

Құшағым өтсін, сүймей — ақ жарсыз,
Меңіреу түнім, сырымды ұқсын.
Тірі пендімін кеудемде жансыз,
Әлі жетсе құлатып жықсың.

Еңді бәрі кеш сезімді көмдім,
Жерледім бүгін шығарып салып.
Кеткім де келді… шынайы өлгім,
Түңіліп кеттім тағдырға налып.

Жерідім мына лас өмірден де,
Талай сүрінгем, талай жығылып.
Шерлі — қайғым бар өзек кемірер,
Көзімде қалған жасым тығылып.

Осылай бір күн кетті жоғалып,
Талай сөзімнің әкесі өлген.
Сен келсен бір күн қайта оралып,
Еңді кеш, жаным, сен үшін сөнгем.

Әселхан Торбаеваның 3 — ші өлеңі

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.