Көңіл

Өтірік күлуден шаршадым,
Жегідей жеп тынды қанша мұң?
Жаз, күзді, қысты рас ұнатам,
Көктемге ауады аңсарым.

Кеткім де келеді тау асып.
Көк белде гүл терем таласып.
Қуанып жүрер күн бар ма екен,
Жайдары жігітпен жарасып?

Ізгіні бұл көктем сыйлайды,
Сырымды сабырмен тыңдайды.
Асылды бір көрсет көзіме,
Айырбас қылайын күнге айды.

Гүл едім. Алады бір құшақ.
Жаным бір білемін нұр құшад.
Қайғы-дерт қысады бүйірден,
Өткенді есіме салғыш-ақ.

Әселхан Торбаеваның 1 — ші өлең

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.