ОТ

От едім. Өшкелі тұрмын неге осы,
Қайратым қайда арыстан жығар адуын?
Миымды қарып улады мекен көз жасы,
Жоялмас сірә атомдай зілді қаруын.

Мен деген әйбат… анасы едім қазақтың,
Кешегі Зере, Томаристердің сарқытты.
Толағайлар мен Абайды тапқан ғажаппын,
Кигенім комзол оқалы түйме барқытты.

Сетінер тегіс балаққа түсер бит шала,
Жесірің қанғып, жетімің жылап тұр әне.
Үйінді барлап адалдық еттер ит қана,
Намысы үшін жан пида етер ер кәне?

Көргенім жоқ алайда одан тұп нұсқа,
Қара көз қызын арын саудалап күн көрген.
Өмірдің өзі өтпелі мына тым қысқа,
Ақ пен қара айқасып жатып өрілген.

Заң қайда қатал, тізгін деп жүрер ер қайда?
Алмасып кетті орындар бүгін аңғарсаң.
Адамнан жыртқыш қалмады тіпті қу айла,
Сайтанын тілін тауып алғанба таң қалам.

Есіңді жиғын қазағым әлі кеш емес,
Етекті жабқын есің бар кезде бірігіп.
Балаға берген білімің кәусар еш емес.
Жанданар түбі, өшкені қайта тіріліп.

Әселхан Торбаеваның 6 — ші өлеңі

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.