Кей жандарға...

Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қаппасын деп.
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан Құдайым сақтасын деп.


Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды? !

Абай

10 пікір

VVVWWW
Тамаша өлең, бірақ Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді деп авторын жазып кеткен орынды болар еді!
Korkem
Иә, ұмытыппын…
AKA
Сіз өте дұрыс айтып өттіңіз…
VVVWWW
АКА, Сіз маған айттыңыз ба, Әлде Көркемге ме?
AKA
Әрине, Сізге!
Jako
Қайдан оқығанымды ойыма түсіре алмай миым қатып еді.
Korkem
Мен негізі оқығандарымнан үзінді етіп қойын дәптеріме тізіп аламын. Бірақ, ылғи да авторларын жазуды ұмыта беремін, әдет қой....)
Jako
Ол әдет менде де бар.
konvict
Потошоппен қиып алдың ба?
Korkem
Қатты білгіңіз келсе айтайын, қайшымен қиып алдым)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.