Жетім монолігі

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Жетім монолігі.
*
Іңгәлаған пәк сәби ғұмырдағы,
Түніреніп басталды өмір мәні…
Жалғыздыққа жақын боп ақ жүрегім,
Тыныштығын түнімнің мұң ұрлады.
*
Арайлығын таңымның кемтік еткен,
Көгершінің жанымның кем түлеткен
Асқақтайтын алпауыт арманымды
Ана сенің жоқтығын теңтіреткен,
*
Тіршілікке жасасам үш-ақ қадам,
Жетім деген сөздерден ұсақталам
Сәби көрсем жанарға жас аламын,
Шат көңілмен анасын құшақтаған.
*
Жетім еткен өмірдің кемсенінен,
Ана аңсаған арманым еңселімең?
Құшағында ойнақтап көрмеппін ғой…
Ембек түгіл ақ сүтін емшегінен…
*
Мұз кеудені ерітер там-тұмдаған
Бар ма екен қалдырған антын маған,
Сүрте алмасаң жасымды жанардағы
Маған сенің ана атты Даңқын тәмам,
*
Жауабына жете алмай сұрақтардың,
Сәби ғұмыр еңбектей құлап қалдым…
Жұдырықтай жанымды шырылдаған,
Жәутендетпей қолына-ап жұбатқан кім.
*
Менсінбейтін тағдырда алаңменен,
Жалғыздықтан құса боп жанам, сөнем
саған деген, шарықтар сағынышым,
Естігенде ана үнін балам деген,
*
Ажыратпай көңілдің ақ қарасын,
Өгейсіңіп, несіне оқталасын…
Жат ғұмырым, жетімнің жүрегінде,
Сен бәрібір қатыгез боп қаласын

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!