Өлең жайлы...

Өлең деген — күш болмаса, немене?
Өлең деген — дауа болар неге де
Өлең — өмір, өлең — өкініш, өлең — жыр,
Өлең — арқау, өлең — сенім, өнеге.

Өлеңменен жылатасың халқыңды
Өлеңменен көтересің даңқыңды.
Өлеңменен табыстырып жақынды,
Өлеңменен түсінесің парқыңды

Өлеңменен сырласасың күніге,
Өлеңменен мың құлпырар дүние.
Өлеңменен жанға сезім дарытып,
Өлеңменен талпынасың сүюге.

Өлеңменен күйінесің, налисың,
Өлеңменен өз — өзіңді танисың,
Өлеңменен жігеріңді жанисың.
Өлеңменен өркендейді өз тілің,
Өлеңменен ұзақ болар тарихың!

2 пікір

Kan
Өлеңнің қасиетін түсінген жүрегіңнен айналайын
nazerke1996
пікіріңізге көп рахмет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.