Жалған өмір...

Мына дүние жалғанын білу қиын,
Сену қиын, ей адамдар сену қиын…
Жанталасып, арпалысып жүргенің
Бір ақ күнде болар сейіл, болмас тиім…
Иә, әрине, жалған нәрсе көп енді,
Кейде көбі жаулап алар төбеңді,
Бір ақ та, сен айда төнген бұлттарды
Себебі, Алла ұнатпас қиындықтан қорққанды.
Мына өмірде қимастар да аз емес,
Болмаса олар, болар еді өмір елес.
Құлағанда түңіреніп мұңаятын,
Самғағанда сенмен бірге қуанатын,
Жетер-жетпес белесті ойлағанда
«Саспа» деп көңіліңе күш тартатын
Қимастар көп, аз емес, сыр ұғатын!
Жарқын, жалғанмынаөмірде жасағанда,
Қарамайдауылдарға, асауларға.
Адалдық,ізет, иманды қасыңда тұт
Тек солар жол бермес басынғанға.
Адалдықпен, абыроймен өмірді кеш
Зұлымдық, жамандықтың досы болма.
Өмір,өмір деп жүріп абайла
Барлығына болып жүрмесін кеш…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.