Мен осылай түсінемін "өнерді" ...

Ақ қағаздың бетіне шимайлап салған суретіме қарасам өнердің не екенеін білмейтін жан сияқтымын.Қисық-қисық сызықтар, мағынасы да жоқ. Дегенмен де, мені "өнердің не екенін білмейтін қандай адам?"- деп ойламаңыздар, себебі бүгін шимай-шатпағыма қарап өнер дегеннің не екенін таразылап,өз ойымды жыр жолдарына түсірдім.Жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен дарынсымақтарға ,өнерді ойыншыққа айналдырған, ақша табудың көзі деп қана қарайтын жандарға өнердің не екенін түсіндіргім келді.
Өнер деген не? Бұл сауалға шамамның келгенінше санамды қозғап жауап беруге тырыстым.Төмендегі өлең жолдары менің жеке ойым.Ал сіздер "Өнер деген не?" сауалына қалай жауап берер едіңіздер?
Өнер деген — өмір сүру, іздену,
Білмегенді білгендерден үйрену.
Жұрт назары ажырамас өнерден,
Шын ғашық боп, ерекше бір күйге ену.
Өнер деген — тек қана емес ән салу,
Дауысымен жарияға жар салу.
Өнер деген — тек қана емес әртістік
Өнер деген — өзгелерге тамсану.
Өнер деген сән әлемі ғана емес,
Өнер деген жалқауларға пана емес.
Өнер деген ұлтын сүймес жандарға,
Рухсыздарға жаны ашыр ана емес.
Өнер деген — сатылатын ақша емес.
Өнер деген — хан да емес, патша емес.
Өнер деген — алтын да емес, нұр да емес,
Өнер деген — ару да емес, ханша емес.
Өнер деген аспан да емес, жер де емес,
Өнер деген еңбектен де кем де емес
Өнер деген жасай берер мәңгілік,
Өнер деген ештеңеге тең келмес!
Өнер деген — таусылмайтын дария,
Өнер деген — жүз жасаған қария.
Өнер деген — бәрінен де биікте
Өнер деген — барлығына «жария».
Жалпы алғанда өнер деген қызықты іс,
Қасиетті, құдіретті ұлы күш.
Өнері жоқ ел болатын болсақ біз,
Жоқ болғаны өзімізде түгіміз.
Өнер деген — өлмейтін сөз, ұлы сөз,
Жасай берер, тек осыны біліңіз!

8 пікір

avatar
Назерке! Мен мұны оқи отырып, тамсанып отырдым. Шынында да, пайдасы жоқ "өнерсымақтар" қаптап кеткен. Елде «шоубизнес» пен «тойбизнестен» көз ашпайсын! Нағыз өнерді бағалайтын жан жоқ емес, бар,әйтседе, тек көзбояушылық көбі.
Өнер не екенін түсініп бағу қиын, бірақ өнер қуып,ізденген адам табады ғой!!!
Ғылым, білім, бәрі де керек дүние, бірақ та,өнерсіз бәрі бос деп ойлаймын…
Соңғы өңделген уақыты:
Сөзіңнің жаны бар.
Өнерді өгейсіткен адамдар сол өнермен нан тауып жүргенін неге ойламайды деген санамда бір ой жатыр… Көпке топырақ шашпаймын, арамызда қазақ өнерін әлемге танытамын деп жүрген жандар баршылық.Таяқтың екі ұшы бар, сол секілді өнерді сүйетін де,өнерді жеке басына ғана пайдаланатын да өнерлілер бар.
...Өнер дегенді түсіну де өнер…
avatar
  • Kan
  • 0
«Нағыз өнерді бағалайтын жан жоқ" дегендей «көбі көз бойяушылық» деп неге кері тартасыз бұлай айтуға қандай қақыңыз бар. Егер өнерді бағалайтын жан болмаса өнерде болмас еді. Сосын бәрін бір қырынан қарап өнерімен ақша табатындарды кіналауларыңды қойыңыздаршы бейне бір ХVІІІ ғасырда өмір түсіретін адамдар ұқсамай. өз өнерімен ақша тапса, егер оған халық өнерін бағалап ақша беріп жатса несі айып. ОЛ адам өлтірген жоқ қо немесе қыз зорлаған жоққой соншама шошынатындай. Той басқарама қой бағама адал несібесін тапса болды. Өнермен ақша табуға болмайды деп тек шоубизнесті мысалға алып бәрін қаралауға болмайды ғой. Мысалы қолөнер жасайтын шеберлер, суретшілер олардың ісіде өнер сонда олар өнерлерін сатып ақша таппауы керекпе. Өтінем қысқа ойламай жан-жақты ойлауға тырысыңдаршы. Сендердің сөздеріңді оқысам бейне өнерсіз сорлы ел секілдіміз. Құдай сақтасын бізде бәрі жақсы Аллаға шүкір.
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
Қанат мырза, сіздің сөзіңіз бір жағынан дұрыс та шығар, бірақ әр адамның өз ойы,өз пікірі бар!Қатал сынға ала берудің қажеті жоқ!Қатты айтқан болсам, кешірерсіз!
Жаңадан жазба жазып жүргендерді осылай сын айтып, жекіп тастау сізге ұнай ма?Қандай пікір айтсаңыз да еркіңіз, сіз біздей жасыңызда қандай мәселе қозғап едіңіз мақала немесе өлең жазып, жазыңызшы оқиық бізде, пікір қалдырайық.Ол уақыттағы жастардың ойлауы мен бұл уақыттағы жастардың ойлауын салыстырайық.(күшті жазбаңыз қабылданбайды, тек біздей кезіңіздегі болсын)
Сізге өкпелімін, жастардың бетін қайтарып тастайтын сөздер жазып,өзіңізді бізбен тең қарастырасыз.
Сын түзелмей мін түзелмейтіні рас, егер шын шебер болсаңыз, осындай пікір жазуға келгенде жұмсақ және астарлап жеткізіңізші, бізде сізді сынайық.
Қысқа ойлайды десеңіз қателесесіз,қоғамдық пікір сіздің пікіріңізбен келісе қоймас…
avatar
Өлең жақсы жазылған. Осы постты "Қазіргі таңда..." деп басталатын сөйлеміңіз бұзып тұрған секілді. Осы тұсын өңдеп жіберсеңіз құлпырып кетер еді деп ойлаймын.
  • Balziya
  • 0
"Өнер деген — өлмейтін сөз, ұлы сөз...«Керемет, Назерке!Қаламың ұштала берсін.Сенің жазған жазбаң арқылы өнерге деген көзқарасым өзгерді...)))
avatar
  • Jako
  • 0
Иә Назерке, Кан мырза қаталдау сынапты, десекте сізде Кан мырзаны түсінуге тырысыңыз. Кан мырза сіздің жазғаныңызды жоққа шығару мақсатында емес, қайта кейбіреулер дұрыс ұқпай қалмасын деген мақсатта, сіз өнер жоқ деп емес, қайта жарқ ете қалған өнерлердің тасасында байқалмайтын өнерлер жетерлік деген ойыңызды ашып көрсетпек болғандай ма деймін. Өзіме ойыңыз да, өлеңіңіз де ұнады. әсіресе мына бір жері:
Өнер деген — өмір сүру, іздену,
Білмегенді білгендерден үйрену.

Дәл осы жері жастарға ой салары анық, өнердің үлкені жұлдыз болу емес, оқу, білу,іздену,үлкендерден үлгі алу,үйрену деп тұрған жоқ па?...Ал енді мына жерде:
Өнер деген — тек қана емес әртістік
Өнер деген — өзгелерге тамсану.

Не деген керемет ой түю, жарқ етіп көзге түскен өнерді түсіне білу, оған тамсанып, тұшыну арқылы қадірлей білу сол өнердің өзінен жоғары өнер деп тұрған жоқ па? Тамаша, өнерің өрге жүзсін дегім келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.