Құдайдың құдыреті - адам

Балалықта армандайды адамдар
Болсам ғой деп табиғаттың тылсымы.
Планетадан да алшақ кетер армандар,
Бітпес оның ешқашанда қыр — сыры.
Менің де бір таусылмайтын сұрауым,
Соған орай бұл өлеңді шығардым.
Балалық шақ есте қалар мәңгілік
Міне тізім…
Еске алып құрадым.
Дамылдамас Жел де болғым келетін
Ойнап — қунап бар әлемді кезетін.
Түн патшасы Ай да болғым келетін
Бар сәулесін ғашықтарға төгетін.
Кейде Таудың Шыңы болғым келеді
Аспанменен, аппақ қарға оранғым.
Балалықта ешбір адам сенбеді
-<<Ұшам!>> — десем, сәл көтеріп қабағын.
«Мүмкін, содан, Құс та болғым келетін
Өмір кезіп, тәтті әуен салатын.
Әлде… мүмкін… Гүл де болғым келетін
Бар жылуды топырақтан алатын.
Мүмкін сонда Жер де болғым келетін
Бар тіршілік тамыр жайып, нәр алған.
ЖОҚ!
Адам болғым келеді
Құдай бізді бар асылдан жаратқан.

1 пікір

maulen
Түйіні жақсы екен!
Бірақ, Ай жылу бермейді, жарық береді)))
Басқа да өлеңдеріңді күтеміз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.