Құдыретті - ана!

Даусымен бұл даланы тебіренткен,
Кеудесінен мейірімнің нұрын төккен.
Құрсағында көтеріп бар әлемді,
Бойына төзімділік шексіз біткен.
Туғанда кімге керек болдым сонда,
Арқа сүйер қамалым-болдың пана.
Түн ұйқысын төрт бөліп мені баққан,
Тек саған керек едім-асыл ана!
Ақ сүтің балдан тәтті аққан бұлақ
Жұбатасың, әрқашан, жатсам жылап.
Өзіңді қанша қинап, шаршатсам да
Жүресің, өссем дағы мені ойлап.
Алақаны оттан ыстық суық күнде
Мүңайсам, жабырқайды менімен де.
Қиын — қыстау күн туса табылады…
Жартысын тығып қойып жүрегінде.
Көз ілдіртпей, уақыт шіркін, зулайды екен,
Анасыз бұл шаңырақ болмайды екен.
Өзіңе жарық сыйлап өткен жаннан
Бір күнде көз тайдыру оңай екен.
О Тәңірім кешіре гөр бар күнәсін,
Сұм тағдыр жеңіс тауып жылатпасын.
Самайдағы әр талыңа қарыздармын
Жанардағы әжімдерін жас жумасын.
Үш әріптен айналайын АНА деген
Періштесің балаңа пана берген.
Қанша байлық бар болса бұл ғаламда
Соның бәрін алдыңа тізіп берем.
Жүрегің кең қазақ елдің даласындай
Ақкөңілсің аққу құстың баласындай.
Ақ сүтіңді қалай ғана өтер екем
Ақылдысың даналардың данасындай.

Елжірейді жүрегі — нәзік адам
Өмірдегі ең киелі, бағалы жан.
Бұл өмірдің жаманына шоқтыртпаған,
Ол менің құдіретті асыл анам!

8 пікір

yesbolat83
Әсерлі, жақсы жазылған. Бірақ, анаңызға «сіз» жазғанда тамаша боп кетер еді. Көп жандар анасымен жиі сырласатындар анасын құрбысындай көріп сен дей береді ғой.
kuralay_95_25
Пікіріңіз үшін рахмет.
Jako
<code>Жүрегің кең қазақ <strong>елдің</strong> даласындай</code>
Елдің дегенді елінің десе дұрыс болатын сияқты.

<code>Бұл өмірдің жаманына <strong>шоқтыртпаған</strong>,</code>
Мүмкін шоқытпаған болар.

<code>Алақаны оттан ыстық суық күнде
Мүңайсам, жабырқайды менімен де.
Қиын — қыстау күн туса табылады…
<strong>Жартысын тығып қойып жүрегінде.</strong>
</code>
Мағана жағынан ақсап тұрған сияқты.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
анаңа деген сезімің мен құрметіңді бағалаймын жарайсың. Тек анаға лайық боларлықтай өлең емес ренжіме. Басқа басқа анаға өлең арнайтын болсақ ол мінсіз болу керек. ал сенің өлеңің жай бір шығарма секілді мағнасы болғанымен еш ұйқасы мен үйлесімділігі жоқ.
kuralay_95_25
кешіріңіздер әрине, көңілдеріңізден шықпаса! бірақ, әр адамның ойы әр түрлі. мен сіздер сияқты керемет ақын емеспін. менің жан-дүнием ақсап тұрса, ақсап тұрған да шығар. бірақ бұл кішкентай баланың шығармасы емес( тым қатты кетпеңіз!) бірақ мүмкін үйлесімділігі жоқ шығар. келісемін. енді сіздердің айтқан ақыл — өсиеттеріңізді тәжірибе жүзінде нақтылап көрермін. қатты айтып қойсам кешірерсіздер!
Kan
Сен мені кешір артық айтсам. Менің бар ойым тек ана құдретінің жоғары деңгейде екенін жеткізгім келді. Брлық шығарма осындай деңгейден басталады ең бастысы шаршамай жаза бер. сын ол айла береді ғой.
maulen
kuralay_95_25 жарайсың, анаға деген сағынышқа ештеңе де жетпейді ғой шіркін!!!
Қанша байлық бар болса бұл ғаламда
Соның бәрін аяғыңа тізіп берем.
мүмкін аяғыңа емес, алдыңа деп өзгертерсің(менікі тек ұсыныс)
Үш әріптен айналайын АНА деген
Періштесің құлына пана берген.
құлыңа емес, қызыңы десең жақсы болар еді, анаң періште болған күннің өзінде құлы болмайды, біз тек Алланың құлымыз, ал сенікі тіккелей Аллаға серік қосу ғой, ал серік қосу ең ауыр күнәлардың бірі…
kuralay_95_25
Пікіріңіз үшін рахмет Маулен аға. Айтқандарыңыз ойға қонымды екен. рахмет сізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.