Күз

«Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан».
Білмеймін жақсы ме екен? Жаман бе екен?
Жапырақтар ағаштан тез — ақ түскен.

Алтын болып айнала түрлі — түсті
Күн жайдарлы, жап — жасыл жаз да өтті.
Кейде ғана күн түсіп айналаға,
Барлық жерді жылытып күлімдетті.

Жазда жоқ, ашық аспан, сол бір кездер…
Күлімдеп, шуақ шашқан нұрлы күндер
Аспанға қара бұлт қаптай кетіп,
Әр жерге селк — селк етіп жаңбыр себер.


Бірақ жақсы жері бар алтын күздің,
Піседі тәтті болып бақша біздің.
Алма, шие, қызанақ неше түрлі
Осындай шашуы бар Алтын Күздің!

2 пікір

avatar
  • maulen
  • 0
Қарындасым-ау, талабыңа нұр жаусын!!!
Тым құрмағанда, Абай Құнанбаевтың сөзін тырнақшаға алып қоймадың ба?!
Күлімдеген әлемнің бала жүздер
— мына сөзіңді түсіне алмадым, мүмкін әлемдегі бала жүздер?!
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
бұл менің кішкентай қарындасымның жазғаны. сол себепті қатты сынамаңыздар. ол небәрі 10да
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.