Ауырмашы Ұстазым.

Бар біздің,ұстазымыз ұлағатты.
Ұйытатын өзіне жамағатты.
Білімнің қатпар-қатпар қиыстарын,
Сан мәрте өзімен аралатты.

Қызықты еді,өткізген сабақтары.
Мың кітапты біз үшін парақтады.
Ұстазымның айтқан әр бір сөзі,
Көңілімде мәңгіге тұрақтады.

Күнделікті мектепке ерте келдім.
Ұстазымды көремін деп сенген едім.
Ұстазым келмеді, көрінбеді,
Су сепкендей басылды сезімдерім.

Бірі айтты «ұстаз енді келмейді» деп.
Бізге қайтып сабақ бермейді деп.
Баяғыдай біздерді еркелетіп,
Арамызда күліп-ойнап жүрмейді деп.

Шошып кеттім, жанардан жас атып кетті.
Ойларым жан-жақа қашып кетті.
Бірақ,Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Қорқыныштың бәрінде басып кетті.

Тұрдымда «жоқ, ұстаз қайта келеді» дедім.
Қабыл болсын сәби бала тілектерім.
Ауырғанын естігенде ұстазымның,
Жылап жатты кіп-кішкентай жүрек демім.

Ұстаз кірді сыныпқа сәлем беріп.
Тұра ұмтылдым орнымнан оны көріп.
Жүгіріп барып құшақтап алдымдағы,
Ауырмашы ұстазым, ауырмашы ұстазым, дедім еріп.

6 пікір

maulen
Kan мырза, мына тақпақ сіздікі ме?!
Бесінші сыныптың оқушысының жазғанікіндей екен, біраз кемшілік тұстарын байқадым. Әлі он мәрте түзетуден өткізіу керек сияқты(әрине ол сіздің ықтыярыңыздағы нәрсе ғой).
yesbolat83
Балалық көңілмен жазған болар, бала секілді.
Kan
Иа мен жаздым. Ұстаздар күнітөрт оқитын ініме тақпақ керек болып шығарғанмын. ол осы тақпақпен облыстық байқауда жүлделі болыпты.
yesbolat83
Құтты болсын, ініңіздің жеңісі!
nurbanu_KAMAL
Жақсы. Сезім ғой тұнып тұрған. Бәрімізде ұстазымызды осылай жақсы көруші едік қой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.