Ақылды боп көрінген ақымақпын


Қоңыр мұңын құшақтап жапырақтың,
Баққа бардым. Тұр мені бақылап Күн.
Кенет… Сізді көрдім,
Көрмеген боп,
Сыр бермей өте шықтым,
Ақылды боп көрінген ақымақпын!

Жанарыма жамап ап сиқын күздің,
Аңғал желдің адуын кейпін бұздым.
«Сәлем» дедің, сонда да қайрылмадым,
Сүйкімді боп көрінген сүйкімсізбін.

Ақылына алданып ми, сананың,
«Сізді ұмытып кеткенмін» дей саламын.
Маған бәрі оп-оңай!
Сағынғам жоқ!
Тәкаппар боп көрінген бейшарамын.

Тоғыспайды тағдырдай сөзіміз кіл,
Бүгін соңғы үмітті өзім үздім.
Өзге болып алыстап кеткенменен,
Өзім болып көрінген Өзіңізбін.
(Белгісіз автор)

8 пікір

Kan
не деген керемет өлең.
zhano_almuhambet
Кейде мен де осылай ақымақ болатыным бар… Бірақ, ақымақ болуға бәріміздің де қақымыз бар ғо))) Анда санда болады ендеше ақымақтыққа бой алдыруға
Jako
Тамаша өлең, шындық.
maulen
Кезінде дәл осы өлеңге қатты тәнті едім, әлі де тәнтімін және болашақтада тәнті болып өтермін!
Белгізіз афторға рахмет, Мәуленнен))))

Қарлығашын күтер күнде мұңяып, Жайық жылап,
Мұзды басқан сыңайлы тайып құлап.
Сын жолмен қол жеткізген бақытына,
Бұл өлеңнің авторы байыптырақ.
sultan_yerkebulan
Бәрі орнында…
zhano_almuhambet
Рахмет назарыңызға
nurbanu_KAMAL
Күшті өлең екен
zhano_almuhambet
Қош келдің, алтын КҮЗ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.