Ренжи көрме...

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Ренжи көрме...
Дегбірсізденіп,
Деміңе құмартпағаным үшін де,
Көңілім көншімей,
Кеудемді жылатпағаным үшін де,
Шыбын жанын шүберекке түйіп ұсынған,
Жұмыр жүрегіңді ұнатпағаным үшін де
РЕНЖИ КӨРМЕ!

Кіршіксіз пейіліңді сезініп,
Біле алмағаным үшін де, Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Ренжи көрме...
«Жарқ етіп» ғұмырыңа кіре алмағаным үшін де,
Тіршілігіңмен тыныстап,
Сендегі жүрекпен
Жүрегім өмір сүре алмағаны үшін де,
РЕНЖИ КӨРМЕ!

Аңсарым ауып, сендегі "әлемге"
Безе алмағаным үшін де,
Жандүниеңді жадыраңқы кезе алмағаным үшін де,
Тұла бойым тынымсызданып, тағат тауысқан
Сұрапыл сезіміңді
Сезе алмағаным үшін де,
РЕНЖИ КӨРМЕ!

Тағдырыңды «тағдырым» деп
Қабылдамағаным үшін де,
Тымырсық түндер сені ойлап,
Сағынбағаным үшін де,
Сергелдеңмен күн кешіп,
Есімнен жаңылмағаным үшін де,
Алып ұшып жүрегім әбігерленіп,
Жаурағаныңда жаныңнан табылмағаным үшін де,
РЕНЖИ КӨРМЕ!
Ботагөз БЕКСАРЫ

9 пікір

zhano_almuhambet
Ренжімеңіздер! Ренжітпеңіздер! Ренішпен танысқым келмейді…
VVVWWW
Көптен жақсы өлең жазылмай кетіп еді, мынауыңыз ұнады
Мынандай өлеңдіріңіз болса, жазып тұрыңыз,
ақындығыңызды мойындадым
Соңғы өңделген уақыты:
zhano_almuhambet
Рахмет пікіріңіз үшін. Бұл менің өлеңім емес бірақ. Құрбымның туындысы
yesbolat83
Жақсы жазылған дүние екен.
zhano_almuhambet
Рахмеееет! Окыганыныз ушин)))
followme_alik
Казак бола тура казак тилине тамсанудан айыкпаспыз _ адеми жазылган жырларга да :)
zhano_almuhambet
Ия, дал солай! Рахмет назар аударганынызга)))
followme_alik
Тұрақты оқырманыңмын осы сәттен бастап, Жансая… Жанна… Жанерке
zhano_almuhambet
Рахмееет! Қуаныштымын! Жанерке есімім. Жансая мен Жаннаны танымадым)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.