Күзгі жаңбыр

Күзгі жаңбыр жауып тұр тоқтамастан,
Бейне бір жылағандай аппақ аспан.
Ұқсайды жапыраққа тамған тамшы,
Жас арудың көздерінен жас боп аққан.

Тырс-тырс кағып тынымсыз тамшылары,
Қанша күн қара жерді жаншылады,
Сабағы раушан гүлдің иіліп тұр,
Көтере алмай, тамған әр бір тамшыларды.

Айнала малмандай болып суға малынып,
Қайыңдар тұр тамшыдан алқа тағынып.
Бақ ішінде бозторғайдың ғана шиқылы,
Қалған-ау сірә күзгі жаңбырды сағынып…

Торлап тұрған қою бұлттар аспандағы,
Ұйытқып соққан желден жасқанбады.
Желменен жаңбыр егіздей түнге дейін,
Аласұрды ала таңнан басталғалы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.