Өзің ғана


Қуанышым өзіңсің, қайғымдасың,
Жаным, маған құшағың жайдың ба шын?
Тағдырымсың сен менің, ал тағдырдан,
Белгілі ғой ешқашан айрылмасым.

Шаттығым да өзіңсің, мұңымдасың,
«Сен» деп кешкен күнім мен түнім басым.
Бақытым боп алдымда сен тұрғанда,
Белгілі ғой басқаға бұрылмасым!

Өмірімнің алаулы өзегісің,
Өзегісің, сен оны сеземісің?
Бір мен үшін тау менен тасты шарлап,
Бір мен үшін даланы кеземісің?

Мені ойлап бөлмеңе сыймаймысың?
Маған арнап қыр гүлін жинаймысың?
Алыстасың, қайтейін алыстасың
Осы бір жай мені әр кез қинайды шын!

8 пікір

zhano_almuhambet
Сен бар жерде — бәрі, бәрі, бәрі бар! Және бәрі, бәрі, бәрі де жоқ — сен жоқта!!! Барым — СЕНсің!
beko
Ұнады, керремет.
Korkem
Сіз қашаннан бері өлең оқитын болып алғансыз? Аутырға деген махаббаттың құдіреті ме әлде...))
zhurttyn_balasy
Әйдөөөйт! Ананғара :) ФФФЩЩЩТЬ! ФФФЩЩЩТЬ!
qyrmyzy
көрмейтіні жоқ…
beko
Иә, біраз нәрсені көріп, бірәз нәрсені сезеді(дұрыс қо).
beko
Жұрттың баласының ысқырығы жмайл почтама жетуде, сөйтсеееем, Көркем.)))
Өлеңдерді жақында ғана оқи бастадым, сосын барлық өлеңдерді емес. Одан қалса қатты өзгермедім ол жағынан, көп оқи да бермеймін ғо. Құдірет?)) оһһооо, хмм. Мүмкін...)))
Kan
Шынайы сезіммен жазасың, мені сол қуанттады. жаза түс, жаза түс осы бетіңнен қайтпай жаза берсең Фариза апапңнан кем түспейсің.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.