Анама хат

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Анама хат
Мені ойласаң көгіңде Күнің күлген,
Бұлғақтаған еркетай үмітің ем.
Қапа болма, мамашым, барсам егер
Қол ұстасып бір күні жігітіммен.

Қызық-тойда тұрушы ед тасып әнің,
Бұл қалайша, маматай, жасығаның?
Мен қонақпын аз күндік, сондықтан ба Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Анама хат
Өз еліме жеткенше асығамын.

Бұрын сондай сабырлы, төзімді едің,
Неге мұнша, мамашым, езілгенің?
Бәлкім сенің арайлы шуақ тұнған,
Жауқазындай құлпырған кезің бе едім?

Жат жұртыққа жаралған бала дегін,
Бала дегін, бар ойы — дала дегін.
Қимасыңдай қызыңа бата беріп,
Көздің жасын сығып ап қала бергін.

Болды, мама тек енді мұңаймағын,
Сендік мұңлы әуенді құрайды әнім.
Білемін ғой бір кезде әкемнің де,
Сені ұрлап кеткенін сұрай барып…

17 пікір

zhano_almuhambet
Апатайыммен сырласу…
beko
Анаңа көрсеттің бе?
zhano_almuhambet
zooook korsetkenim zok)))
followme_alik
..tagy da jazwy, tildin damin uyirdi osy soz
zhano_almuhambet
pardon? Kai sozdi aitasiz?
followme_alik
зооооқ, zok, зоооқ))
zhano_almuhambet
keide osilai erkeleitinim bar… kop emes. Tek anda-sanda. Aptasina Jeti kun-ak)))
followme_alik
Еркелігіңе сөз салуға рұқсат етші :)
zhano_almuhambet
Erkelikti koteretin jigit bolsa pojaluistaniz go))
followme_alik
Koteremiz_Zhanerke, dayinsin ba?)
7777777
Хат турасынан адеми… бирак олен ретинде бираз енбектену керек.
zhano_almuhambet
Хат тұрғысынан әдемі болса өлең де жақсы құрылды демек. Егер олай болмаса өзіңіз айтқандай "әдемі" хат та шықпас еді. Рахмет пікіріңіз үшін.
Kan
Жарайсың жақсы жазыпсың ұнады. тек «ед» деп емес «еді» деп толық жаз. Қазақ жазуының грамматикасын ақын халық дұрыс жазу керек. Ақын грамматикаға көңіл бөлмесе басқасы қайтпек.
zhano_almuhambet
Рахмет назарыңызға. Ия келісіде ескеремін.
Ayala
К Е Р Е М Е Т !!!
zhano_almuhambet
Рахмет, Аяла! Бағалағаныңызға
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.