***

***
Сезiммен тәттi үмiт, бағым,
Өлшенсiн бiзбен өлшемi.
Сабылып, аптығып жаным,
Iздедiм,iздегем сенi.

Сырларды, сiрә да, мүлдем,
Таусылмас түлетiп келiп,-
Ар жаннансұрағанмын мен,
Сен жайлы жыр оқып берiп.

Мұңымның жанары ол шын,
Айналған ағыс, тасқынға.
Сағынып шамалы болсын,
Сағыммен қол ұстастыңба?

Бағыңды түгендеймiн деп,
Ойлама, жат мынауәлем,
Ешқайда жiбермеймiн тек,
Елеңдеп таптым-ау әрең.

Не таптым сорымнан өзге,
Ертен кеш қалмайды амалың
Өзіңді сағынған кезде,
Мен мұңнан аумай қаламын.

Ғаламат ғасырымда осы,
Дәл сендей жоқ алтын адам.
Сен ендi жасырынбашы,
Әйтпесе жоғалтып алам.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.