***

***

Сиқырланып дидарыңа қалыппын,

Ұйқымды анық алдың ұрлап, көріктім.

Сүйгем әттең, санасудан жалықтым,

Түймедақпен пал ашудан зеріктім.

Алаңдаймын алыстатып алардай,

Түйсігімде небір ойлар іркілді.

Отырғаным сізге теңеу таба алмай…

Періштеден аумайсыз ба, біртүрлі.

Тосып жүрмін ерекше бір ыңғайын,

Сосын мүмкін қайта сүйем көктемді.

Бір тармаққа қойылуға тұр дайын,

Сізден жақсы хабар күтіп леп белгі!

Кешір жаным тұңғиық тым мұң едім,

Жоқ та шығар маған, сірә, сай теңіз.

Сізді уақыт күте алмады, білемін,

Бізді бақыт тосып жүр ғой, қайтеміз???

М?

4 пікір

MSHERIMBEK
өлеңде, постта, мақалада, ғылыми статьяда, бәрінде тақырып деген болады.
7777777
оленде осындай нарселерде болады…
followme_alik
Бізді бақыт тосып жүрсе, барамыз :) Өлеңнің атауы тұрғысында сайттың «Көрші қызы» сынды белді ақындары не жырдың алғашқы жолын қолданады, не «Атаусыз», «Атсыз» деп жазады, сіз де кем түспеңіз жетіжетіжетіжетіжетіжетіжеті мырза ;)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.