Агенттегі махаббатың ақыры

Көріп қалып бір бойжеткеннің агенттегі авасын,
Жалғастырдым виртуалды байланыстың арасын,
Ұсынысты қабылдады көңілімді қалдырмай,
Осылайша махабаттан аштым парақ жаңасын.

Майл.рудан әлеміме айқара ашты есігін,
Жүрегіме сақтап алдым оның ғажап есімін.
Жүрген кезде махаббатқа мас болып,
Білмеппін-ау тигізетін өкініш пен кесірін.

Күлімдеген смайликтен көргендеймін келбетін,
Ерекше сезімдемін, нұр басқандай жер бетін,
Тоқтамайды жан тебірентер жылы сөздер ағыны,
Күн ұзаққа тықылдатам телефонның пернесін.

Онлайнға шығар сәтін күтемін мен тағатсыз,
Кездесуге асық болдық сағаттарды санап біз,
Кешпеген бір сезімдерді сезінумен қияли,
Көрмесемде жүрегімнен орын алды ғажап қыз.

Ойланбастан сезімдердің жетегінде жүріппін,
Ашқандай боп құпиясын жүректегі құлыптың.
Кездесетін күнде жетіп, белгіленген уақытта,
Жалғыз отырмын саябақта көңілімде күліп күн.
*****
Ізім – ғайып жоқ болды қыз мені еліткен,
Аққкөңіл – аңқау сенгішпін мен неліктен?
Армандаған аруымды таптымба деп қуансам,
Ойыны екен бір албастының еріккен…

10 пікір

Jako
Тамаша, шындықты мойындау да ерлік…
yesbolat83
Өмірде кездесетін жағдай.
Ainamatai
вертуалды махаббатқа шек жоқ!
Kan
Осы бір заманның бір поемасы десек сәл артықтау болар. Әйтседе сәтті шыққан дүние. жарайсың.
ai_danka91
виртуалды махаббатқа сенім жоқ.
followme_alik
ондай ұғымның барына да күмәндімін
pari
виртуалды танысып отбасын құрып жатқандар да аз емес
SWAG
базар жок… Кушти
aseleka
Виртуалды баянсыз махаббатыңызды мынадай өлеңмен жеткізетін ақындық өнеріңіз керемет екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.