Агент жайлы

Білмейміз-ау дүниенің дұрысы мен бұрысын,
Шаш-етектен болсадағы жұмысым,
Агент деген виртуалды әлемге,
Кірмей қойсам тарылардай тынысым.

Баурап алды мені өзіне ғашықтай,
Шынайы әлемнен кетіп барамын қашықтай,
Ұмыттырып рухани құндылық алар жолды,
Уақытымды ұрлап жатыр асықпай.

Түн ұйқымды агентпенен алмастырдым,
Атқан таңды телефонға телмірумен жалғастырдым,
Мен ғана емес, барша жастың ермегі,
Білсе дағы агенттен дұрыс нәрсе алмастығын.

Біз қашан достар көңіл қойып білім аламыз?
Бос әңгімеге бет алса зейін – санамыз,
Ойланайық өз – өзімізді қолға алып,
Байқасақ агентке тәуелді болып барамыз.

3 пікір

7777777
Осындай олендерди койу керек… осы сайттын музасы агент ау дим… ойыншык олен.
Kan
меніңше дұрыс жазылған өлең. сынды осылай өлең арқылы жеткізуде өнер емес пе
aseleka
Шынымен өнер және өте дұрыс жазылған өлең!!! Дегенмен АГЕНТ қалып жатыр қазір жаймен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.