Соңғы сөз..

Қия алмайтын жазды, күзгі бақтағы гүлмісің?
Құлазып бүгін мұңайып тағы жүрмісің?
Алдымнан шығар, келер деп күтіп жолымды
Жаныма ыстық, таусылмас мендік жырмысың?

Өзіңді ойлап жалғыздықты сезгенде,
Түндеріме маза бермей, сен түсіме келгенде,
Ояна салып, еріксіз ғана қуанам…
Телефонды алып, нөміріңді сенің тергенде.

Сағынып күлімдеген жылы шырай жанарыңды,
Біліппедім өткенді аңсап жабырқап қаларымды.
Қайта келмес күндеріміздің құрметіне,
Шерге толы соңғы сөзді жазарымды…

Өзіңсіз жаным көңіліме менің күз келді,
Шын сүйгенмен қоспайды тағдыр біздерді,
Екеуміз жүрген жолдарда жатыр естелік,
Ұмытпашы сәулем біздерден қалған іздерді.

1 пікір

Kan
«Соңғы сөз» тақырыбы тым ауыр екен өлеңге сәйкес келмейді деп білем. өлең ұнамады. үйлесімсіз ұйқас қуып жазғандай.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.