Жатты жылап, бір өксік қысып кеуде...

Жатты жылап, бір өксік қысып кеуде,
Тағдыры қиындықты көп сыйлап бұл пендеге.
Көз жасы көл боп ағып, ах ұрады,
Кете жаздап қу жаны ұшып желге.

Балаларынан айрылған сорлы ананың
Қайғысы қайыстырар әркімді де
Үш бірдей құлыншағы кетті өртеніп
Айдын күні аманда жертөледе.

Төртеу ед, біреу қалды тірі болып,
Шала жансар күйінде күйіп, тоңып.
Жан ұшыра жүгірген көрші келіп
Үлгеріпті баланы өрттен алып.

Ай да, күн де өтер-ау, жылдар толып.
Өрт шалған жертөледе жансыз қалған
Балалардың бейнесі кетпесі анық,
Ана жүрек мәңгілік азаптанып,
Құлындарын іздейді сонда барып.

Болғанда жұртың тыныш, елің аман
Қасіретке жолыққан қандай жаман
Қалай ғана бұл күйге түсті екен?
Қорғансыз ғып қалдырған қандай адам?

Ақиқатын алыстан іздейсіз бе?
Үкіметтің қайырын тілейсіз бе?
Боямасыз өмірдің қатпарынан
Адасқан адамдарды білмейсіз бе?

Адамдар, біз адастық шынында да,
Бақ пен байлық іздедік зынданнан да.
Өмірдің сынағынан өте алмайтын
Хәлге жеттік бәтуасыз бұл жалғанда.

Бұл ана жалғыз емес, ағайыны көп
Десе де ешқайсының қайыры жоқ
Ауылдан арман іздеп Астанаға
Шыққанда қолын созған бірі де жоқ

Балаларымен қиналып қайтып келер,
Деп ойлады көбісі, қайда кетер.
Ал күйеуі анасын айналшықтап,
Маған ауыл үйім де, — деді –жетер!

Көкіректе бір арман жас ананың,
Балдарын Астанаға бір жеткізсе.
Көп табыс тапқандардан бұл да көріп
Күйеуінің жүрегін дір еткізсе.

Қу дүние құйрығын ұстатқан ба,…
Астана – адам соққан тас қала да!
Мейірімсіз қаланың заңы қатал
Мұндағы өмір ауылдан мүлде басқа.

Зәулім биік үйлер көп көз қуантар,
Қала сәнді, жаныңды баурап алар.
Дегенмен бұл қаланың сыртында да
Табысы аздар жалдайтын лашықтар бар.

Жағалай сол лашықтар толы адамға
Арманмен Астанаға келген жандар
Пәтер қымбат болған соң амалсыздан,
Табысына шамалап, алған жалға.

Сондай бір көп лашықтың жертөлесін
Жалға алып жас ана да үй көтерсін.
Табыс табу ойында, бала үшін
Базарда балық сатып кетті ол шын.

Ал, балдарын бақшаға беру қайда!..
Тиынға тиын жамап отырғанда
Түбегі мен ас-ауқат қатар қойып
Оларды сырттарынан құлыппен жауып
Келіп-кетіп жүргені нәпақа тауып.

Жастары балалардың тым аз екен
Кішісі екі-үш айлық, сосын бір жастағы
Одан үлкен екі жасар – аяқ басқаны
Сеніп үйді қалдырған, ең естісі бес жастағы.

Қақаған қыс, аязы сүйектен өткен
Астананың ызғары ала бөтен
Бірде шуақ күн шықса, көбінде бұлт
Адамдар да алыстап жүреді екен.

Жертөледе орталық жылу да жоқ,
От жаққан қара халық пешті шұқып.
Көмірдің көк түтіні қолқаны алып
Уланған талай жан бар, аман қалып.

Сарапшылар өртенген жертөледен
«Пештен шыққан түтіннен бәрі уланып,
Балалардың өлімі содан жеткен»
Деп қортынды шығарды құжатпенен.

Бес жасар қыз еңбектеп есікке кеп,
Сырттан ауа сорыпты жырақ тауып
Жалын шарпып денесін күйдірсе де
Аман қалған өкпеге ауа барып.

Ел шулады, жамандап жас ананы
«Неткен жауапсыздық!» деп жағадан алды
Ал әкесі балдардың бар болса да
Өлгенмен бірдей екен деп те салды.

Ел айтар, айтар-айтар, естен шығар
Кеудесін жас ананың кім ұғынар?!
Ағайын, дос ары өтсе, бері өтсе де
Саусағымен шошайтып көзге шұқыр.

Десе де, бұл адамзат қандай топас
Түсінер қанша айтсаң да болар-болмас
Бар бәле ынтымақсыз қалған анау
Отбасылық өмірдің күңкілі де…

Халықтың қалт айтпаған даналығы:
«Баланы қызға берем ұялсын деп,
Кедейге көптеу берем қиналсын деп»
Жауапсыз бұл жалғанның сынағы көп.

Ал азамат, сен өмірден нені іздедің?
Баланы құдай маған берді дедің
Асырап, бағып-қағып, жетілдіру
Міндетін алғаныңды сезінбедің.

Құдайым қарай-қарай қабағыңа,
Ауыл үйдің ауласынан аса алмаған
Еркекті есіркеудің жолы осы деп,
Бергенін көп күттірмей қайта алды ма?

Бір түйірін қалдырып жас анаға,
Қалғанда тас қалада, Астанада.
Жаны қалған құлазыған қу далада
Жанына серік болсын бұл бала да.

Ал отбасын жауапсыз құрған әке,
Үгітілген бордай боп қалды мүлде.
Мағынасыз өмірін кімге арнайды
Жаңа отбасын ойланбай құра ма әлде?

Қан жылап жүрегімен қаншама жан,
Болған жайға бергейсіз тереңнен мән.
Оу, адамзат, өмірден іздерің көп,
Бақытың да, барың да отбасыңнан…

Үй болып, алдына бала алған соң,
Шаңырағына қорған боп тұрғаны жөн.
Еңбек қылып, етек-жең жиылған соң
Отбасында ынтымақ болғаны жөн.

Қарағайдың басында қалың бұтақ
Болса да жеке-жеке суық ұрад
Адамдар көп болғанмен мына өмірде
Әрқайсысы өзі үшін қамын қылад.

Бос кеудемен, балтасын қайрап-қайрап
Ел айтты, жұрт айттымен сылтау ұрлап
Өз тамырын аяусыз шапты, ақымақ!
Енді келіп, Құдайдан не сұрамақ?..

2 пікір

zhangul
Бұл Астанада болған оқиға. Қыстыгүні дачада баспана жалдап тұрып жатқан әйелдің 3 баласы өртеніп кетіп, біреуі ғана тірі қалған. Оқиғаны жаңалықтардан көрген боларсыздар? Мені бей-жай қалдырмады.
Delfina
Ауылда қаймақ май жеп жатқанға не жетсін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.