ЖАЗУ ҚИЫН ОЙЛЫ ӨЛЕҢ

Салмақты ойды қалдырмаса артында,
Оқыған жан теңемесе алтынға.
Үндеспесе оқырманның ойымен,
Болады ма жырды-жыр деп айтуға?

Жазылмаса сендегі ойды дөп баса,
Оқырманның ойына ой қоспаса.
Жыр бола ма?
Сол шумақтың ішінен,
Оқыған жан өзін-өзі таппаса.

Ой сүрінсе бағыт таппай тұралап,
Мағынасыз жырлар туар тым олақ.
Ешкімді де таң қалдыра алмайсың,
Буындар мен ұйқастарды қуалап.

Салиқалы сөз қозғамай тереңнен,
Жазу қиын шумақтарды ой өрген.
Мағыналы бір-ақ сөйлем артық қой,
Мағынасыз алты шумақ өлеңнен.

Әр шумағы жалын атып, от шашып,
Көңіл күйдің бояуымен баттасып.
«Жатса» дейсің, «жазғандарым, шіркін-ай,
Оқырманның ойыменен астасып»!

6 пікір

yesbolat83
Мағыналы бір-ақ сөйлем артық қой,
Мағынасыз алты шумақ өлеңнен.
followme_alik
Смайл қолданғаныңды алғаш көруім, келісем :D
yesbolat83
followme_alik
аахаххахахаха, әкелші бестік :)
Jako
Жазылмаса сендегі ойды дөп баса,
Оқырманның ойына ой қоспаса.
Жыр бола ма?
Сол шумақтың ішінен,
Оқыған жан өзін-өзі таппаса.
Керемет...!
nurbanu_KAMAL
Дұрыс иә… Өлеңді жүрекпен жаза білмесең, қалам ұстаудың керегі жоқ. 1 өлең болса да жүректен шыққаны дұрыс.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.