Кінәлап сені

Елітіп алып, ескермей кеттің,
Ерте де емес, кеш келмей кеттің.
Өзгеден мені қызғанып жүріп,
Алдымды орап, дес бермей кеттің.

Сенімге кіріп, сенімсіз еттің,
Ақыр соңында теңімсіз еттің.
Қиялға құлаш жайып беріп ем,
Ырқыма менің көнусіз кеттің.

Көңілге күдік, кірбің келтірмей,
Еріксіз мені жүргің келтірмей.
Кездер-ау, кездер оралмас қайта,
Сырғанақтаған мұздың бетіндей.

Шығарып шерді, шырқармын тағы,
Күңгірт көңілден бұлт арылмады.
Мен саған сыйлар қалмады еш не,
Жоғалды сезім күн тарылғалы.

11 пікір

maulen
Пікір қалдыра отырыңыздар, құрметті айтаберліктер!
semser_soz
Әдемі өлең екен. Бірақ, арасында дұрыс құрылмаған сөйлемдер кездеседі екен...
maulen
рахмет, мүмкін сөз тіркестері?!
followme_alik
«Еріксіз мені жүргің келтірмей...» мен «Ақыр соңында теңімсіз еттің»-ді меңзеген шығар
Jako
Ерте де емес, кеш келмей кеттің.
Ақыр соңында теңімсіз еттің.
Еріксіз мені жүргің келтірмей.
Түсініксіздеу тіркестер емес па?

Ырқыма менің көнімсіз кеттің.
Көнусіэ-деген дұрыс болар ма еді?

Жақсы, бірақ бұрынғы өлеңдеріңе ілесе де алмайды. Ашу ма, ыза ма бір себеппен асығыс жазылғандай ма…
Соңғы өңделген уақыты:
maulen
ия, Jako аға, осы себептердің бірі ғой!
Jako
Бәсе,өзімде солай ойлап едім, адам өмірінде бәрі болады.

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдырың неге сыр айтты сараң,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық — деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
— осылай келетін, М.Шахановтың өлеңін жігіттер осындайда бір оқып тұрса пайдалы болар еді деп ойлаймын.
Соңғы өңделген уақыты:
maulen
ия, бұл өлең әрқашан жігерлендіріп тұрады ғой, рахмет сізге…
zhano_almuhambet
сөз тіркестерінен бұрын мазмұны ұнады… таныс жағдай… таныс күй… ияяяя сенімге кіріп енді сенуге болатын жан таптым-ау дегендегі… эххх мен сізді жақсы түсінетін сияқтымын.
maulen
түсініксіз сөз тіркестерімен, сізге түсінікті, ұғымды өлең жазғаныма қуаныштымын, рахмет!
aijan_adok
Өте жақсы, маған ұнады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.