ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ МАХАББАТ

Аккаунт аккаунтпен сырласады,
Сырласады, хаттары қырды асады.
Көрінбей монитордың ар жағынан,
Қос ғашық бір-біріне тіл қатады.
Бір-бірін ойлауменен күн батады,
Сырласу жалғасады түнде тағы.

Осының өзінен де бақыт табар,
Сырласып талай алтын уақытты алар,
Өмірінде көрмеген бірін бірі,
Жұмбақ жан жұмбақ жанға ғашық болар.

Заман солай.
Мұндайлар жиіледі,
Жиіледі, тіптен көз сүрінеді…
Сезімге сезім толы жауап күтіп,
Сезімсіз мониторға үңіледі.
Сезімсіз монитордың арқасында,
Шала-жансар махаббат тіріледі.

Амал не, интернеттсіз күн жоқ бізге,
Мейлі ғой, пайдалы іспен түнді өткізсе…
Толассыз жазылатын хаттардан соң,
Ынтық болар суретсіз суретсізге.

Шыныменен адасса ақыл күтпе,
(Айтқан ақыл жарамай жатыр түкке)
Көңіл-күйлер жоғалып жатады екен,
Ғашығында жанбаса жасыл нүкте.

Зиянды, әлде, көп пе шапағаты?
Солай боп тұр, заманның махаббаты…

10 пікір

semser_soz
Жақсы жазылған өлең екен. Бірақ. танымайтын, тіпті өмірде бір көрмеген, бәрін қойшы суреті де жоқ жанға ғашық болып, желіде тосып отыру шектен тыс қиялилық шығар… Ол енд менің санама сыймайды.
БІРАҚ, МЕНІҢ АЙНАЛАМДА ДА ОНДАЙ БІР-ЕКІ ТАНЫСЫМ БАР ҒОООООООООООЙ...
yesbolat83
Өлең жақсы жазылған. Бірақ, тақырыбы неге 20-шы ғасырдағы махаббат, 21 емес?
muktybek
оны өзім де байқамаппын ғой, қазір түзейінші…
followme_alik
«интернеттегі махаббат» сөз тіркесі жиіркендіреді-ай)… ал өлең жақсы :)
nurbanu_KAMAL
Жақсы жазылыпты. Бүгінің тақырыбы. Қаламыңыз ұштала берсін!
muktybek
Рахмет қарындасым!
nurbanu_KAMAL
Әсіресе, «Көңіл-күйлер жоғалып жатады екен,
Ғашығында жанбаса жасыл нүкте». Керемет!
beitanis
Жақсы жазылған өлең екен!!! Иә бірін-бірі кормей махаббат кұрып жүргендер де жетерлік. Бірақ, осы интернет арқылы танысып, отбасын құрып жатқандар баршылық. Оған не дейсіздер?
Kanafin_janibek
Заманы келгени анык шарайнанын.купталар желиде сыр ар ойларын… сезимннин айтып келмес тустары мол.сондыктан сен де досым абайлагын… суюдин расында да турлери коп копшилик жас агентсиз кундери жок… жасыл нукте жансыншы журектерде боленсин шын суйген жан курметтерге озгерис болганнан сон амал кайсы экраннан соз айтамыз Жибектерге!
aijan_adok
жаксы жазылган, рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.