Кездеспедік

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Кездеспедік біз екеуміз келгелі мына өмірге,
Кездеспедік ешқашан да туып өскен өңірде.
Көкейде жүрген ойлардың сансыз желісі,
Көкірекке толып, шумақ боп тұнды көңілге.

Күн-түн армандаймыз қиялымыз кетіп қияға,
Қиялдарымыз шегі жоқ дүниеге мынау сияма?
Бір – бірін көрмеген мүлдем қос жүрек,
Бар мұңын ғаламның өздеріне ғана жияма?

Ұйқысыз өткен түндерді жалғап таңдарға,
Беймәлім ойлар тұңғиығында қалғанда,
Аспаннан сан мың жұлдыздар ағып жатады,
Оларда қанық біздегі сыр мен арманға.

Қашан теремін көктемгі бақтың ақ гүлін?
Қуанғаннан сен келеді деп тап бүгін.
Қол ұстасып екеуміз жүрер бақтарға
Асығып сенде жүр ме екенсің шаттығым.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.